Атырау қаласының еріктілері бетперде тігіп, тегін тарата бастады (видео)

3256

Атырауда бетперде тапшы.

Атырау қаласының еріктілері бетперде тігіп, тегін тарата бастады (видео)

Атырау қаласының еріктілері бетперде тігіп, көп балалы аналар мен ұсыныс берген тұрғындарға тегін тарата бастады. Бұл шара әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандармен бірлесе отырып жасалуда.

"Біз бетпердені мақта-мата және тығыз материалдардан тігіп жатырмыз. Мұның алғашқысын бірнеше қабаттап, ал қалыңдау маталардан бір қабат етіп тігудеміз. Адамдардың күнде кешкілік жауып, кептіріп, қайта киюі үшін "көп реттік" етіп шығаруды ұйғардық. барлық тігіншілерді осы іске жұмылдырсақ та сұраныстың көптігінен үлгермеудеміз. Ертеңнен бастап, дайын бетперделерді жинап, әлеуметтік мұқтаж топтардың қолына тікелей жеткізудің жолдарын қарастырмақпыз", – дейді "Assyl collection" брендының негізін қалаушы Асыл Дүзбаева.

Азаматтық орталық бастамасымен қолға алынған жобаны жүзеге асыру барысында бірқатар тұрғын бетпердені өз күштерімен сатып алуға қабілетті екенін айтып, бағасын белгілеуді сұраған. Сол себепті, көпреттік бетперденің бөлшек бағасы 500 теңге деп беліленген. Одан түскен қаражат қайырымдылық қорларына жұмсалмақ. Сондай-ақ, Асыл Дүзбаева үйінен бетперде тігіп алам деген қыз-келіншектер үшін бейнебаян түрінде тегін шеберлік сыныптарын өткізіп отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу