Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына уақытша басшы тағайындалды

1029

Нұрлыбек Қабдықапаров Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. 

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына уақытша басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Нұрлыбек Қабдықапаров Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар Қызметі.

Нұрлыбек Рысқалиұлы Қабдықапаров 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген.

Сонымен қатар, Қ.А.Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында №1 бөлімшесінде дәрігер-анестезиолог, реаниматолог болып бастаған. Кейін 1996 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі болған.

1996-1997 жылы Атырау қалалық балалар жұқпалы аурулар (инфекциялық) ауруханасының дәрігер-анестезиолог, реаниматологы, 1997-2000 жылдары реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, 2000-2002 жылдары бас дәрігері қызметтерін атқарған.

2002-2003 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2003-2005 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, 2005-2006 жылдары Атырау қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық басқармасының директоры, 2008-2009 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық департаментінің директоры, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директоры, 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2016-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалының директоры лауазымдарын атқарған.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу