Атырау-Орал тасжолында "Мерседес" автокөлігі мен автобус соқтығысты

972

Салдарынан бір адам көз жұмды.

Атырау-Орал тасжолында "Мерседес" автокөлігі мен автобус соқтығысты

Атырау-Орал тасжолы бойында "Мерседес" автокөлігі мен автобус соқтығысып, апаттан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

Жол-көлік оқиғасы Ақжайық ауданының Тайпақ елдімекені маңында болған. Өкініше қарай жеңіл көліктегі қатты жарақаттанған жүргізуші жедел жәрдем келгенше, көз жұмды.

Жеңіл көлік Атыраудан Оралға, ал жолаушысыз бос автобус кері бағытқа бет алған. Қазір автобус жүргізушісі мен жеңіл автокөліктегі екінші адам ауруханада жатыр. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу