Атырау полицейлері баланы қапқан иттің иесін жауапкершілікке тартты

621

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Атырау полицейлері баланы қапқан иттің иесін жауапкершілікке тартты

Атырау қаласындағы Жұлдыз-2  ықшам ауданының тұрғынының жас сәбиін иттің қапқаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Оқиға орнына  шұғыл жеткен полиция қызметкерлері  2018 жылы туған сәбиді 
жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген  жан-жақты іздеу шараларымен сәбиді қапқан ит сол ықшам ауданындағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан табылды. 

Иттің иесі – 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны да анықталды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі "ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу