Атырауда жекеменшік балабақшада өрт болды

1120

Оған тоқтың қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Атырауда жекеменшік балабақшада өрт болды

Атырауда жеке меншік балабақшадан өрт шықты. Ондағы үш тәрбиеші оқиға орнынан 3-5 жас аралығындағы 13 баланы шығарып үлгерген, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі. 

Өрт сөндірушілер бір қабатты "Зейнеп Амина" балабақшасына жеткенде төбе жабындысы түгел өртке оранған. Өрт 6 техника мен 25 адамның күшімен 16:23 минутта толық сөндірілген. Осылайша тілсіз жаудың балабақшадан екі метр қашықтықта орналасқан коттеджге таралып кетуіне жол берілмеді. 

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша, өрт тоқтың қысқаша тұйықталуы салдарынан болған. Келген материалдық шығынды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – дейді облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу