Атырау облыстық перзентханасы перзентханасы қала сыртына көшірілмек. Дегенмен, жас босанатын аналардың орталықтан алыстап кететініне алаңдаған тұрғындар бұл жаңалыққа аса жылы қабылдап отырған жоқ, – деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Облыстық перинатальдық орталық қала маңындағы Талғайраң "ауылында салынып жатқан 350 орындық облыстық көпбейінді ауруханаға көшірілмек. Ал оның орнына қаладағы №1 емхана көшіп барады.
"Перзентхананың екінші көпқабатты ғимараты дәрігер мамандар үшін баспана тұрағы түрінде қайта жасақталады",– деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан Байдуалиев.
Сонымен қатар, келешекте облыстық аурухананы да Талғайраңға көшіру көзделген.
Оның ғимаратында 200 кереуеттік қалалық жедел жәрдем ауруханасы жұмыс істейтін болады. Аймақтық бас дәрігерінің айтуынша, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы кеңсесінде орналасқан №1 емхана ғимараты тар әрі халыққа қызмет көрсетуге қолайсыз. Оны перинатальдық орталыққа көшіргеннен кейін сол жердің бір қабатын отбасылық жатақхана етіп жабдықтау қарастырылып отыр.
Құралай Қуатова