"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді", - дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Айта кетсек, қылмыстың бұл түрімен ұсталғандар 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128 бабына сәйкес Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.