Йемендегі көтерілісші хуситтер Меккеге қарай баллистикалық зымыран ұшырды. Бірақ, Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әскери әуе күштері оны ұшып бара жатқан жерінен атып жоқ қылды, деп хабарлайды корольдіктің мемлекеттік SPA сайтына сілтеме жасап 24.kz
Ақпаратқа сәйкес, коалиция зымыранды оның Меккеге жетуіне 65 шақырым қалған кезде жойып жіберген. Артынша Саудия жағынан Йеменге қарай оқ атылды.
Хуситтер зымыран ұшырғанын мойындады. Бірақ, олардың көздеген нысаны Мекке емес, король Абдул-Азиз атындағы әуежай болыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу