Автокөліктің өртенуіне байланысты тергеу басталған. Көлік ішінде iPhone 7 жарылған болуы мүмкін. Бұл туралы reactor.inform.kz хабарлайды.
Көлік иесі Мэт Джонс өзінің жаңа IPhone 7 смартфонын машинада қалдырған. Қайтып келгенде автокөлігі түтіндеп, салонының тең жарты бөлігі жанып кеткен.
Джонс автокөлікте өрттің шығуына себеп болатын бөгде заттың болмағанын айтып отыр. Ол телефонды бір апта бұрын ғана сатып алған екен.
Apple компаниясы оқиғадан хабардар екенін және көлік иесімен бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу