Автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

1859

Жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Қостанай облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды 24.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай "Қостанай - Әулиекөл - Сұрған" тасжолында болған. Volkswagen Polo автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан ПАЗ автобусымен соқтығысып, салдарынан Volkswagen Polo жүргізушісі түрлі дене жарақатымен жақын жердегі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілсе, жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу