Азық-түлік қымбаттаса 7172 74 96 71 номеріне хабарласыңыз, деп хабарлайды Atameken Business.
Ал, өзара келісіп бағаны негізсіз шарықтатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Министрліктің дерегінше, ел аумағында әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры жеткілікті. Аймақтардағы арнайы қоймаларда 1,2 млн тонна сақталған. Бұл 6 ай көлемінде халықты азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өндіріс орындары да штатты режимде жұмыс істеуде. Сауда орталықтары мен базарларға да шектеу қойылмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу