Бағдат Мусин IT мамандарды елде қалдыру үшін не істеу керегін айтты

1253

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин IT мамандар Қазақстанда қалып, жұмыс істеуі үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бағдат Мусин IT мамандарды елде қалдыру үшін не істеу керегін айтты

Ол министрліктің басты міндеті – сандық құралдарды тереңдетіп оқып жатқан, цифрлық экономикаға бейімді жастарға қолдау көрсетіп, елде қалдыру екенін жеткізді.

"..Оларды ұстап тұруға мен басқаратын министрлік ғана емес, барлық мемлекет жауап беруі керек. Біріншіден, біз айтишниктер үшін жеңілдетілген ипотеканы ұсындық. Мысалы, мен өзімді жас жігіт ретінде елестеттім. Бұл елде мені не ұстай алады? Егер ата-анамның үйі болмаса, мен оларға оны сатып алып беремін. Осылайша, өзіме жауапкершілік аламын. Мен проценттік ставка 5% болатын жеңілдетілген ипотеканы ұсындым. Оны ешкім қолдаған жоқ. Маған "Тоқтаңыз! Себебі, елде тұрмысы төмен, көмекке зәру басқа да адамдар бар. Неге біз сенің айтишниктеріңе проценттік ставка 5% болатын жеңілдетілген ипотеканы беруіміз керек" деген әңгіме болды", - деді министр есеп комитетінің отырысында.

Бағдат Мусин IT мамандарды қолдаудың басқа да әдістері барын айтты.

"Екіншіден, әскери борышын өтеуді кейінге қалдыру. Бүгінде бұл ұсынысты Үкіметте қорғаймыз. Үшіншіден, венчурлық инвестиция. Ашығын айтқанда, Astana Hub халықаралық технорпаркінің экожүйесі толық емес. Себебі, ол тек бірдеңе жасағысы келетіндерге ғана қолдау көрсетеді, ал бірдеңе жасап жатқандарға венчурлық инвестиция керек. Біздің саламызда, ми мен ақшадан басқа ештеңе қажет емес. IT мектептер мен университет түлектері, ақша болуы шарт. Қауіп-қатері жоғары ақша керек, яғни венчурлік инвестиция қажет", - деді ведомство басшысы.

Оның пікірінше, бұл елдегі стартап жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. 

"Егер адам венчурлік инвестицияға ақшасын салса, ол 100 стартаптың 10% ғана өзін ақтауы мүмкін түсінеді. Демек, осы 10% қалған 100 стартапқа жұмсалған шығында жабады. Сондықтар қазір біз венчурлік инвестиция дамытып жатырмыз....", - деді Бағдат Мусин.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу