"Балалардың іштері ауырып, дене қызуы көтерілген": Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы тамақтан уланды

543

Нақты неден уланғаны әзірге белгісіз.

"Балалардың іштері ауырып, дене қызуы көтерілген": Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы тамақтан уланды Фото: qazdauiri.kz

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 58 оқушы тамақтан уланып, денсаулықтарына шағымданған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Тамақтан уланған балалардың іштері аурып, дене қызуы көтерілген.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды.

– Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.

Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу