Бас банк своп операцияларын жүзеге асыруға байланысты шешімді түсіндірді

539

Бас банк своп операцияларын жүзеге асыруға байланысты шешімді түсіндірді

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджанов Ұлттық банктің валюталық своп операцияларын жүзеге асыруға байланысты шешімнің неге  қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Бұл операциялар ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің тиімділігін арттыру мақсатында "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының алаңында өтімділікті беру, сол сияқты алу бойынша бір күндік мерзімге жүргізіледі.

Әділ Мұхамеджанов бұл операциялардың бұрын ҚҚБ-да жүргізілгенін, алайда, оның тұрақты емес, осы нарықтағы мөлшерлемелер айтарлықтай ауытқыған жағдайда ғана жүргізілгенін атап өтті.

"Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктің сұратуы бойынша АҚШ долларын кепілге қоя отырып, бір күнге теңгемен қаражат беретін немесе алатын кезде ақша-кредит саясатының жаңа түрлеріндегі валюталық своп тұрақты қолжеткізу операциясы болып табылады", - деді Әділ Мұхамеджанов.

Сонымен бірге Әділ Мұхамеджанов бұрын Ұлттық банк биржа алаңдарына своп секторында қандай талаптармен қатысқанын айтады.

"Бұрын Ұлттық банк мөлшерлемелер дәлізі кең осы нарыққа қатысты, яғни валюталық алу және беру своп операциялары бойынша мөлшерлемелер бір-бірінен айтарлықтай алшақ болды. Кең дәліз своптар бойынша мөлшерлемелердің айтарлықтай ауытқуына мүмкіндік берді", - деп түсіндірді ол.

"Біз бұрынғы құралымыздың тиімділігін арттырдық, әлемдік тәжірибеге сәйкес мөлшерлемелердің АҚШ-тағы және Қазақстандағы дифференциалын ескере отырып, мөлшерлемені күнделікті есептеу әдістемесін әзірледік деуге болады. Валюталық своп алаңында тұрақты түрде қолжетімді операцияларды жүргізу осы нарықтағы мөлшерлемелердің құбылмалылығын төмендетеді", - деді Әділ Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, жаңа талаптар мөлшерлемелер дәлізінің тарылуын ұйғарады.

"Мысалы, 2018 жылғы 2 сәуірге бір күндік СВОП-тың сауда көлемі ҚҚБ-да 31,4 млн. АҚШ долларын, орташа мөлшерлеме 8,6%-ды құрады. Ұлттық банк дәлізінің деңгейі теңгені беру бойынша 11,5%-ды, теңгені алу бойынша 6,69%-ды құрады. Ұлттық банк қатысқан жоқ", - деді Әділ Мұхамеджанов.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің өкілі своп құралы бойынша дәліздің төменгі шегі жоғарғы шегімен салыстырғанда базалық мөлшерлемеге қарағанда симметриялы емес екенін түсіндірді. Ол своп операциялары бойынша мөлшерлемелердің неғұрлым кең дәлізі теңге өтімділігін тарту кезінде кепілмен қамтамасыз ету ретінде АҚШ долларын пайдалануды ынталандырмау мақсатында енгізілгенін айтты.

"Репомен салыстырғанда, банктерге теңге өтімділігін валюталық своптар арқылы қарызға беру "айыппұлдық" мөлшерлеме бойынша жүргізілетін болады, ол долларсыздандыру процесіне ықпал ететін болады. Сонымен бірге, бұл Ұлттық Банктің қатысуынсыз нарықтық баға белгілеуді ынталандыратын болады", - деді Ұлттық банк өкілі.

Сондай-ақ, Әділ Мұхамеджанов, своп құралы бойынша дәліздің төменгі шегі спот бағамына қарағанда форвардтық валюта бағамының пайыздық өзгеруін білдіретін формула бойынша есептеледі деп толықтырды.

"Дәліздің төменгі шегін есептеуде нарықтық құрауыш АҚШ пен Қазақстанның мөлшерлемелерінің дифференциалын ескереді, ол ақша және валюта нарықтары арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге және Ұлттық банк саясатының айқындылығын бағалауға оң әсерін тигізуге тиіс", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу