Баспалдақтан құлаған оқушы: мектеп директоры жұмыстан шығарылды

3105

Астана қалалық білім басқармасы баспалдақтан құлаған оқушының жағдайына қатысты түсінік берді.

Баспалдақтан құлаған оқушы: мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 18 қыркүйек күні "103" пультіне Мәскеу көшесі, 23, №14 ОМ мекенжайы бойынша шұғыл шақыртудың 3 санаты (жедел жәрдемнің келу уақыты-29 минут) шақырылды.

Науқас № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау кезінде оны барлық мамандар тексерді, қазір ол нейрохирургияның бейінді бөлімшесінде ем алуда. Оқушының денсаулық жағдайы орташа ауыр. Емдеу ми жарақатының хаттамасы бойынша қабылданады, қазіргі уақытта ол хирургиялық емдеуді қажет етпейді.

Ведомство өкілдері баланың комада жатпағанын, есі дұрыс, тұрақты екенін түсіндірді. Сонымен қатар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасы 2023 жылғы 19 қыркүйекте осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

№14 мектеп-гимназиясының директоры болған жайттан кейін қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу