Баспана кезегі неліктен кері жылжиды?

1594

"Тұрғын үй қоры" түсіндірді.

Баспана кезегі неліктен кері жылжиды?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ тұрғын үй баспана кезегінің қандай себептерге байланысты кері жылжитынын және қайтадан кезекке тұрудың тәртібі туралы түсінік берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ тұрғын үй кезектілігінде тұрғандардың тізімдеріне күнделікті түгендеу жүргізеді. Сөйтіп тұрғын үйді ұсыну негізі жойылған азаматтарды кезектілік есебінен шығарылады. Кезектілік есебінен шығару себептері әртүрлі болуы мүмкін: тұратын жерін басқа қалаға ауыстыру, меншік құқығында тұрғын үй сатып алу, 2 топтағы мүгедектіктен 3 топқа ауысу, азаматтық алу",– делінген хабарламада.

Бірақ тұрғын үй кезегінен шығарылғаннан кейін азаматтар онымен келіспей сотқа талап-арызбен жүгінетін жағдайлар болады. Сот азаматтардың соңғы бес жыл ішінде тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығару фактілеріне қарамастан, әкімдікті азаматты кезектілігіне қалпына келтіруге міндеттейді.

"Демек, егер бастапқыда кезек алға жылжыған болса, сот шешімімен аталған азаматтар қайтадан кезекке қойылады. Сол кезде тисінше барлық кезек кері жылжиды",– деп түсіндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу