Бейресми саммит неге онлайн өтіп жатыр?

1032

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті Түркістанда офлайн форматта өтуге тиіс еді. Алайда жоспар жүзеге аспай қалды. Неге? 

Бейресми саммит неге онлайн өтіп жатыр? Фото: inbusiness.kz

Мәселенің мән-жайын бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

"Бұл басқосуды бәріміз үшін қасиетті Түркістанда ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Алайда пандемияға байланысты күрделі ахуалға орай біз саммитті онлайн форматта өткізуді жөн көрдік. Індеттің беті қайтқан соң бұрынғыдай бетпе-бет жүздесеміз деп сенемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Наурыз мейрамымен тағы да құттықтаймын", - деді Қазақстан басшысы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу