Беларусь мұнай өнімдеріне салынатын баж салығын көтерді

630

Министрлер кеңесі мұндай шешімді 29 маусымда қабылдаған. 

Беларусь мұнай өнімдеріне салынатын баж салығын көтерді

Беларусь 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік территориясынан басқа жаққа шығарылатын мұнай және мұнай өнімдеріне салынатын баж салығын көтерді. Бұл шешім туралы министрлер кеңесінің 29 маусымдағы қаулысында жарияланған. 

"Мұнайға салынатын экспорттық баж салығының мөлшерлемесі 1 тонна үшін 37,8 доллар. Бұған дейін 8,3 доллар болған", — деп жазылған мәлімдемеде.

Бензинге салынатын баж салығы 4,5 доллардан 20,7 долларға дейін көтерілді. Тауарлық бензин, жеңіл және орташа дистилляттардыкі 2,4 доллардан 11,3 долларға дейін өсті. Дизельдік отын, бензол, толуол, ксилол, жағармай мөлшерлемелеріне осындай мөлшерлеме бекітілді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу