"Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай": Танымал журналист Елдос Сметовті сынады

86640

Дзюдодан ұлттық құраманың көшбасшысы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды сыйлады. 

"Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай": Танымал журналист Елдос Сметовті сынады Фото: inbusiness.kz

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ еліне дзюдодан тарихи алтын сыйлаған Елдос Сметовті сынап, жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: "Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін" деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым!

Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!
Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!

Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт!
Спортшысың ба? Жаттықтыр!", - деп жазды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу