Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл қаңтар-наурызда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,7% орындалды.
"Бекітілген жоспар 3 390,5 млрд теңге болды. Алайда ол 228,6 млрд теңгеге асыра орындалып, бюджетке 3 619,2 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе немесе 1 520,9 млрд теңгеге көп", - деп жазылған хабарламада.
- Республикалық бюджет 100,2% орындалды (жоспар бойынша 2 572,6 млрд теңге. Алайда ол 4,9 млрд теңгеге асыра орындалып, бюджетке 2 577,5 млрд теңге түсті).
2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе немесе 1 289,3 млрд теңгеге өскен.
- Жергілікті бюджет 127,3% орындалды (жоспар – 817,9 теңге. Ол 223,7 млрд теңгеге асыра орындалып, қазынаға 1 041,6 млрд теңге түсті). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,6% немесе 231,6 млрд теңгеге артты.
"Былтырмен салыстырғанда республикалық бюджет түсімдердің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпортативті табыс салығынан – 502,2 млрд теңге немесе 2,3 есе көп, ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығынан – 408,7 млрд теңге немесе 5,9 есе, экспорттық кеден баж салығынан – 212,2 млрд теңге немесе 2,2 есе көп түскен", - деп жазылған хабарламада.
Түсімдердің өсуіне төмендегі факторлар әсер етті:
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 1-тоқсанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,5%, алюминийге 56,2%, мырышқа 36,2%, мысқа 17,8%, қорғасынға 15,5% және алтынға 4,2% баға өскен. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 60,0% артты.
Биыл қаңтар-наурызда үшінші елдермен тауар айналымы 1,6 есеге ұлғайды (экспорт 1,7 есе, импорт 1,2 есе). Өткізу бойынша айналым 25,1% артты (22 млрд 351 млн теңгеден 27 млрд 971 млн- теңгеге дейін).
"Биыл 1-тоқсанда электронды шот-фактуралар деректері бойынша үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үйлердің қызметі 3,6 есеге, өнер, ойын-сауық және демалыс 1,8 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 1,7 есеге, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1,6 есеге, ақпарат және байланыс 58,1%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 44,7%, құрылыс 29,9%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 29,6%, білім беру 26,9%, көтерме және бөлшек сауда 24,8% және өнеркәсіпті өңдеу 22,8% өсті", - деп жазылған хабарламада.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-ақпанда бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 60,3% ұлғайды (5,7 млн теңгеден 9,1 млн теңгеге дейін).
"Салалар бөлігінде орташа түсімнің өсуі қаржы және сақтандыру қызметі 2,5 есеге, көлік және қоймаға қою бойынша 2 есеге, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 1,9 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 32%, өнер, ойын-сауық және демалыс 30,6%, ақпарат және байланыс 25,4%, тұру және тамақтану бойынша қызметтер 23,7% артты", - деп жазылған хабарламада.