Биыл 5,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

657

"Игерілмей жатқан жерді мемлекетке қайтарыңдар",- деп Президент пәрмен берген соң ғана жауапты мемлекеттік органдар бұл іске білек сыбана кірісті.

Биыл 5,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Биылдың өзінде жосықсыз пайдаланушылардан 5 млн 200 мың гектардай жер тартып алынды, келесі жылы тағы соншасын мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Басым бөлігі  жайылымдар. Жалпы елімізде 114 жарым млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар. Дей тұрғанмен, елді мекендер айналасында мал жаятын алқаптардың тапшылығы әлі сақталуда. Шамамен 8 млн 800 мың гектар жетіспейді.

Ең құнарлы жерлер мен коммерциялық учаскелердің көбін бай-шанжарлар иемденіп алған. Бас прокуратураның дерегінше, жыл басынан бері сол қолы ұзындардан 145 мың гектар тәркіленіпті. Ал сарапшылар мәселені бос жатқан жерлер үшін салықты көбейту арқылы шешуге болады, дейді.

"Біздің латифундистер, жер иелері, бай-манаптар жерден құтылуға әрекет жасайды, егер де салығы әжептәуір болса. Себебі ол жерді істетпестен, басып отыр. Орыс бауырларымыз айтпақшы "собака на сене". Не өзі істемейді, не халыққа бермейді. Себебі оның салығы аз. Ал егер оның салығы 3-4 пайыз болса, олар "неге жыл сайын мұнша ақша төлеуім керек, одан да сатып жіберейін",-деп нарыққа шығаруы мүмкін", ждейді экономист Сапарбай Жобаев.

Еске сала кетсек, осы жылдың 3-ші қаңтарында президент Тоқаев бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп тартып алу мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартатын заңға қол қойды. Сондай-ақ, космомониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері енгізілді. Ал пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері үшін салық мөлшері 2 есе ұлғайтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу