Биыл базарлардан 4 тоннаға жуық қауіпті азық-түлік өнімдері тәркіленді

1222

Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің сапасына шағымдар артып келеді. 

Биыл базарлардан 4 тоннаға жуық қауіпті азық-түлік өнімдері тәркіленді

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан базарларынан 4 тоннаға жуық қауіпті азық-түлік өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Еліміздегі әрбір адам тауарлар мен қызметтердің тұтынушысы болып табылады. 

Қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтары күн сайын бұзылуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының тұрғындары өздерінің тұтынушылық қауіпсіздік деңгейіне 67%-ға ғана қанағаттанады.  Тауарлар мен қызметтердің сапасының төмендігі туралы шағымдар саны жыл сайын артып келеді.

Тек 2020 жылдың өзінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 21 мыңға жуық азамат жүгінген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп. Басқа мемлекеттік органдарға 49 мыңға жуық адам жүгінген (2019 жылы 30 мың). 2021 жылдың бес айында 6 мыңнан астам өтініш түскен. 

Айта кететіні қызметтердің де, тауарлардың да сапасына қатысты мұндай проблемалар жалпы халықтың денсаулығы мен өміріне өте жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мәселен, биылғы жылдың небәрі тоғыз айында қазақстандық нарықтардан 3,8 тоннадан астам қауіпті азық-түлік тауарлары тәркіленді.

Жалпы Қазақстанда сапасыз, контрафактілік немесе жалған тауарлар мәселесі жыл өткен сайын өзікті болуда. Тұрғындардың арыз-шағымдары мен әкімшілік құқықбұзушылықтардан бөлек, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны да артып отыр.

Мәселен, биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша "Экономикалық контрабанда" бабы бойынша 69 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 

Сондай-ақ келесі баптар бойынша қозғалған қылмыстық істер санының өсуі байқалады:
 - "Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен және (немесе) тіркеу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік таңбаларды және (немесе) тіркеу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану" – қазірдің өзінде 64 жағдай;

- "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу" – қазірдің өзінде 57 іс;

- "Тауар таңбасын заңсыз пайдалану" – 9 қылмыстық іс.

Қазірдің өзінде таңбалау тәртібін енгізудің оң жақтарын атап өтуге болады. Мәселен, 2019 жылдың жеті айында аң терісінен жасалған бұйымдарды сатудан бюджетке түсетін салықтар мен кедендік төлемдердің өсімі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артты.

Бірақ одан да маңызды қаржылық емес факторлар бар. Мәселен, Nielsen зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда темекі өнімдерінің заңсыз айналымының көлемі 2017 жылы 1,8%, 2018 жылы – 2,8%, 2019 жылы – 2,3%, 2020 жылы – 3%-ды құрады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, темекі өнімдерінің заңсыз айналымы орта есеппен бағаны 4%-ға төмендетеді және әлемдік темекі тұтынудың 2%-ға артуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде жылына шамамен 164 мың адамның өліміне әкеледі. Осылайша, темекі өнімдерін таңбалау ұлт денсаулығын сақтайды.

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстандағы таңбалаудың бірыңғай операторы болып белгіленді. Технологиялық қолдауды "Қазақстан Марка" ЖШС жүзеге асырады. Айта кету керек, тауарларды цифрлық таңбалау – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында жүзеге асырылатын халықаралық жоба. Міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін көлеңкелі айналым үлесінің айтарлықтай төмендеуі күтілуде. Себебі оның үлесі Қазақстанның жалпы тауар айналымында 63%, аяқ киім нарығында 48,5%, алкоголь нарығында 25% және фармацевтикада 12%. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу