Биыл Нұр-Сұлтанда жабық үлгідегі базар ашылады

943

Заманауи үлгідегі жабық сауда орыны қызметкерлері үшін жатақхана салынды.

Биыл Нұр-Сұлтанда жабық үлгідегі базар ашылады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов аумағы 18,5 мың шаршы метрді құрайтын "Орда" ("Биг Шанхай") көтерме-бөлшек сауда базарының құрылысымен танысты. Қызметкерлерге жағдай жасау үшін жұмыс беруші есебінен жатақхана салынды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Мемлекеттің ашық базарларды заманауи үлгідегі сауда форматтарына көшіру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін базарларды жаңғырту, жаңа сауда нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада 26 базар бар. Оның 14-і – жабық, 12-і – құрамдастырылған. Осы бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізу керек. Өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетеміз. Өткен жылы екі жабық базардың құрылысы аяқталды", – деді қала әкімі Алтай Көлгінов аралау барысында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу