Биылғы 8 айда елімізде темір жолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды

550

Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім – 1,5% .

Биылғы 8 айда елімізде темір жолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды

Биыл жыл басынан бері елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін бар. Өткен жылы осы кезеңде аталған көрсеткіш 263 млн тонна болса, биылғы 8 айда 267 млн тоннаға жетіп, 1,5% өсім болды. Бұған Экономикалық өсімі қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде уақытылы қабылданған шаралар ықпал етті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Мысалы жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталған.

"Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде және амалсыз бос тұрған уақытта жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдауға кеткен шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қорына қатысты шаралар қабылданды",– дейді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу