БҚО-да ауылдасын өлтірген 30 жастағы тұрғын ұсталды

1023

Ол екі адамды жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған

БҚО-да ауылдасын өлтірген 30 жастағы тұрғын ұсталды

Батыс Қазақстан облысында ауылдасын өлтірген 30 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болған.

"Күдікті 1972 және 1979 жылғы ауылдастарын жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Алайда 51 жастағы ер адам есін жия алмастан ауруханада көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдікті ретінде Январцев ауылының 1993 жылғы тұрғыны қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ПД хабарламасында.

Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі келтірген мәліметке сүйенсек, жәбірленушілердің екеуі де 15 қыркүйек күні Бәйтерек аудандық 2-ауруханасына жүгінген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Шұғыл емдеуге ота бөлмесіне жатқызылған 1972 жылғы тұрғын 17 қыркүйек күні таңда қайтыс болды.

Ашық бас-ми жарақатын алған 1979 жылғы тұрғын нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Жалпы жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу