БҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, бір адам көз жұмды

394

Оқиға Самара-Шымкент тасжолында болған

БҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, бір адам көз жұмды Фото: БҚО ПД

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 шілде күні шамамен сағат 22.45-те Сырым ауданы аумағында болған.

1984 жылғы Ш есімді жүргізуші "Ниссан Тиана" маркалы автокөлімен жолға шыққан жылқы үйіріне соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан 1983 жылғы К есімді жолаушы оқиға орнында көз жұмды.Жүргізуші мен жолаушы Ақтөбе облысының тұрғындары.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) 

Қазіргі уақытта малды қараусыз қалдыру дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтыру үшін малдың иесін іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу