Ұлттық экономика министрі Қуантыров мәселені "халық саны аз болғандықтан" деп түсіндірді. Кейбір ауылдарда бар-жоғы 50 адам тұрады.
"Сондықтан ол жерлерде мектеп салып, жол төсеудің еш негізі жоқ",- деді. Жалпы елімізде әлеуеті жоғары 3500 ауыл бар. Оларды дамыту жоспары 2027 жылға дейін жалғасады. Биыл 763-іне 143 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1 мың жарым жоба жүзеге асырылмақ. Басымдық, әсіресе, жаңадан құрылған облыстарға беріліп отыр. Алайда, қарқын баяу жүріп жатқан көрінеді.
"Ақша бөлінеді. Енді сіздердің жұмыстарыңыз соны тиімді пайдаланып, іске асыру. Сондықтан сіздің себебіңіз ақша уақытылы бөлінбеді деген жауабыңызды қабылдамаймыз. Жұмысты уақытылы орындаңыздар", деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.