"Болашақ" бағдарламасының қаржыландыру жүйесі тексеріледі

1314

Агенттік өкілі Айнагүл Карипованың айтуынша, талдау кезінде тәуекелдерден бөлек, бірнеше ереже бұзу оқиғасы анықталды.  

"Болашақ" бағдарламасының қаржыландыру жүйесі тексеріледі

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Болашақ" бағдарламасы аясында білім алғандарды қаржыландыру мәселесіне қатысты тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Кемшіліктердің басым бөлігін Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ Орталықтың аудиторлық тексерістері анықтаған. Онда негізінен бухгалтерлік есеп, бөлінген қаржыны тиімді игермеу, жалақы төлеу және орталықтың шетелдегі өкілдігінің тиімсіздігі көрсетілген.

Бұдан бөлек, қаржыландырылған студенттер санындағы айырмашылық. 2016 жылдан бері  үйлеспейтін көрсеткіш 68-ден 214 адамға дейін жеткен. Бұл оқуды төлеуге бөлініп, өзінің расталауын таппаған бюджет қаржысының 10 пайыздан астамы.  

Сонымен қатар ол былтыр екі жүйенің интеграциясысы үшін келісім шарт бектіліп,  төлем 100 пайыз жасалғанын, алайда тиісті шаралар соңына дейін іс жүзінде орындалмаған деді. Ал, өз кезегінде орталық басшысы Айнұр Кәрбозова жемқорлық тәуекелдері бар жұмыс тұстарда барынша адами факторды азайтқанын мәлімдеп, 6 сынақтын үшеуін ғана қалдырғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу