"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау 27 шілдеден басталады

832

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет.  

"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау 27 шілдеден басталады

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы басталады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі.

Биылғы жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. ·

Басымдыққа ие мамандықтар тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/perechen-prioritetnykh-spetsialnostej.html ·

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html ·

Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар: https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/rekomendatsii/rekomendatsii-po-podgotovke-dokumentov.html

Еске салсақ, биыл "Болашақ" стипендиясына үміткер іріктеу ережесі өзгерді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу