Brexit төңірегіндегі жағдай еуропалық акцияларды құлдыратты

654

Борис Джонсон елді сауда келісімін жасамай-ақ одақтан шығуға үндеген еді.

Brexit төңірегіндегі жағдай еуропалық акцияларды құлдыратты

Сауда қорытындысы бойынша еуропалық акциялар арзандады. Коронавирус індетінің өршуі, Brexit төңірегіндегі жағдай, АҚШ-тың экономиканы ынталандыруға қатысты нақты шешім қабылдамауы көрсеткішкерге кері әсерін тигізіп отыр. 
Ресми дерек бойынша, STOXX 600 индексі 1%-ға төмендеді. Еуропалық орталық банк келесі жылы еуроаймақ экономикасының қалпына келу қарқыны баяу болады деп болжағаннан кейін, индекс кеми бастаған. 

Сонымен қатар Британия мен Еуроодақ арасындағы келіссөздердің тығырыққа тірелуі салдарынан Brexit сауда келісімінсіз жүзеге асуы мүмкін. Бұл фактор нарыққа кері ықпалын тигізері анық. Бұған дейін Британия премьері Борис Джонсон елді сауда келісімін жасамай-ақ одақтан шығуға үндеген еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу