"Бүгін түнде алматылықтардың үйінде қалғаны жөн бе, әлде қауіпсіз жерге кету керек пе?": сейсмолог жауабы

498

"Біз сейсмикалық қауіпті аумақта тұрамыз әрі жер сілкінісі болған, болып та жатыр және бола береді де. Өз басым үйімде түнеймін, ешқайда қашпаймын", – деді  ДәулетСәрсенбаев.

"Бүгін түнде алматылықтардың үйінде қалғаны жөн бе, әлде қауіпсіз жерге кету керек пе?": сейсмолог жауабы Фото: vecher.kz

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері спикерлерден "Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгідей күшті афтершок болу мүмкін бе?" - деп сұрады.

"Түркияда Оңтүстік Анадолы жарығы бойында негізгі жер сілкінісі болған соң, артынша афтершоктар тіркелді. Бұл осы аймақтағы жер қыртысының ерекшеліктеріне және онда жинақталған шиеленістерге байланысты. Біздің аймаққа келер болсақ, дәл осындай жағдай Қырғызстанның, Қытайдың шекаралық аумағында бар, ал бұл дүмпуден кейінгі сілкіністер негізгі сілкіністің қуатынан аспады", – деді Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Төтенше жағдайлар департаменті комиссия отырысынан кейін тұрғындар үйіне оралуына болатыны туралы ақпарат таратты.

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада дабыл қосылды. ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты. Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді. Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады. Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу