ҚР СІМ қазақстандықтардың шетелге шығу мүмкіндіктері немесе шет елдердің тарапынан қойылған шектеулер туралы ақпаратты жариялады.
"Бүгінгі таңда қазақстандықтар 11 елге бара алады. Біздің кестеде сіз шет мемлекеттер қандай талаптарды қоятынын біле аласыз. Мысалы, ПТР-тест қажет пе, қандай да бір елге келген соң карантинге жатқызылу міндет пе, өзімен бірге қандай құжат болуы қажет, виза қажет пе, жоқ па, сондай-ақ басқа да талаптар. Бұл ақпарат жаңартылып отырады, сондықтан сапарларыңызды жоспарлау кезінде шет мемлекеттердің талаптарын мұқият зерделеуді сұраймыз",– дейді сыртқы саяси ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу