Бұқтырмаға салынатын көпір құрылысына 32 млрд теңге керек

1475

Қазіргі таңда паром сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін кестеге сай қызмет етуде. 

Бұқтырмаға салынатын көпір құрылысына 32 млрд теңге керек

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысына 32 млрд теңге керек. Қаражат республикалық бюджеттен қарастырылады. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов хабарлады.

"Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы бойынша биылғы жылғы сәуір айының соңына дейін республикалық бюджеттен қаржыландыру нақтыланатынын хабарлаймын. 2017 жылдың 7 желтоқсанында 01-0613/17 нөмірлі мемлекеттік сараптама нәтижесі алынған жобалық-сметалық құжаттамаға сай жобаның құны 32 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен мердігер мекемені анықтау мақсатында байқау шараларын өткізуге тиісті қаржы қарастырылып отыр",– деп жазды әкім фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, қазіргі таңда паром сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін кестеге сай қызмет етуде. Мұздың қалыңдығы 5-7 см құрайтындықтан автокөлік қозғалысын болдырмау үшін күзет қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу