БҰҰ-ның сайланған бас хатшысы Антониу Гутерриш дүйсенбі күні ант қабылдады.
67 жастағы А.Гуттериш БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы алдында айтқан сөзінде "БҰҰ өзгерістерге дайын болуы керек" деп атап өтті.
"БҰҰ соғысқа байланысты құрылған. Бүгін мұнда бейбітшілік үшін бас қосып отырмыз", – деді ол.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 13 қаңтарда Дүниежүзілік ұйымның бас хатшылығына Португалияның бұрынғы премьер-министрі А.Гуттериштің кандидатурасын бекіткен болатын.
Португалиялық саясаткер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін БҰҰ-ға басшылық ететін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу