Былтыр Google Қазақстан билігі жазған өтініштердің 95%-ын қанағаттандырмаған

738

Компания үкіметтің сұрауларын сирек орындайды.

Былтыр Google Қазақстан билігі жазған өтініштердің 95%-ын қанағаттандырмаған

Үкіметтің интернетті бақылау әрекеттері туралы ашық деректердің маңызды көзі елдегі ең танымал браузер және іздеу жүйесі – Google. 

2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстан билігі тосқауыл қоюды сұраған мазмұн көлемі бойынша әлем елдері тізімінде үшінші орында. Бұндағы көшбасшылар Индонезия мен Ресей, деп жазды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

2011 жылдан бері Google мазмұнды жою туралы сұрауларды тіркей бастады. Содан бері Қазақстан компаниямен 532 рет хабарласқан. Ел билігі 260 000-нан астам мазмұнды компанияның әртүрлі қызметтерінен – ​​негізінен YouTube және веб-іздеуден алып тастауды сұрады.

Корпорацияның дерегінше, мемлекеттерден сұраулар жазбаша да, ауызша да (бірақ Google оларды жазбаша түрде жіберуді сұрайды), әртүрлі деңгейдегі мекемелерден – соттардан, департаменттерден, құқық қорғау органдарынан және т.б. келеді. 

Қазақстандық тарап көбіне контентті өшіруді талап етеді. Өтініштердің саны 2011 жылы біреу болса, былтыр 159-ға дейін өсті. Соңғы үш жылда өтініштер саны жыл сайын орта есеппен 1,8 есеге артты. 

Google өзінің саясатында әртүрлі себептермен мазмұнды жоюдан бас тартуы мүмкін екенін түсіндіреді. 

"Кейбір сұрауларда нақты нені жою керектігі туралы нақты ақпарат жоқ. Басқа жағдайларда автор мазмұнды өз бетінше алып тастаған болып шығады", – деп жазды компания. 

Компания статистикасына сәйкес, Google үкіметтің сұрауларын сирек орындайды. Мысалы, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында корпорация Қазақстан сұраныстарының 94,9%-ын қанағаттандырмаған. 

10 жыл ішінде еліміз жіберген сұраулардың көпшілігінде мазмұнды алып тастаудың себебі ретінде ұлттық қауіпсіздікке қатер көрсетілген. Бұл жалпы көрсеткіштің 57%-ы. Бірақ мұндай өтініштердің саны жыл сайын өзгеріп отырды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу