Дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,3%-ға қымбаттаған

928

Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда фармацевтикалық өнім бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті.  

Дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,3%-ға қымбаттаған Фото: inform.kz

Дәрі-дәрмек қымбатшылығын Алматы тұрғындары қатты сезінді (+17,5%). Антилидерлер бестігіне Маңғыстау (+17,1%), Ақтөбе (+16,7%), Жетісу (+16,2%) және Жамбыл (+14,4%) облыстары кірді. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді (+8,9%), деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде фармацевтикалық өнім өндірісі құндық мәнде 112 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 13,2%-ға аз.

Өңірлік бөліністе шығарылатын дәрі-дәрмектің ең көп бөлігі Шымкентке тиесілі (46 млрд теңге). Үздік үштікте Алматы облысы (31,1 млрд тг) мен Алматы қаласы (16,2 млрд тг) бар.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларының нәтижесіне сәйкес, елге 1 млрд долларға 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Заттай көріністе өсім – 17,3%, ақшалай өсім – 25,8%.

ТМД елдерінен 101,3 млн долларға 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда елімізге импорттың негізгі көлемі Ресейден келген (4,6 мың тонна).  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға аз. Дәрі-дәрмек жеткізушілердің негізгі үштігіне Беларусь пен Украина да кірді.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 900 млн долларға 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелген. Үздік үштікте Қытай (2,6 мың тонна), Германия мен Үндістан бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу