Дәулетті қазақстандықтар МӘМС жарнасын көп төлейтін бола ма?

326

Жаңашылдық жалақысы 850 мың теңгеден жоғары азаматтарға ғана қатысты болмақ.

Дәулетті қазақстандықтар МӘМС жарнасын көп төлейтін бола ма? Фото: canva.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС аударымдарының жоғарғы шегін өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін әділетті тиімді мөлшерлеменің қажеттігі туралы айттық. Бұл норма мақұлданған жағдайда, онда халықтың 90 пайызына еш әсер етпейді. Бұл норма жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 есе көп немесе 850 мың теңгеден асатын адамдарға қатысты болады. Қазір айлығы 150 мың теңге болатын кез келген азамат өзінің жалақысынан 2 пайызды медициналық сақтандыру қорына аударады. Өз кезегінде оның жұмыс берушісі 3 пайыз жібереді. Бүгінде ең жоғарғы шек ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 еселенген көрсеткішімен шектеліп отыр. Егер адам 1,5 млн теңге алатын болса, одан 2 пайыз тек 850 мың теңгесінен ғана алынады. Яғни бұл жалақының шамамен алғанда 1,5-1,7 пайызы. Жалақы жоғары болған сайын жарна ставкасы өз деңгейінде (ред. – 850 мың теңге дейінде ) қалып отыр. Салдарынан тиімді мөлшерлеме төмендейді", - деді министр.

Сөзінше, жаңашылдық ел тұрғындарының 9 пайызына ғана қатысты болмақ.

"Кезінде МӘМС туралы бастапқы заң жобасында ең жоғарғы шек болмаған. Кейіннен ол енгізілді. Енді адамдардың бәрі өз жалақысынан 2 пайыз төлеу үшін бұл жоғарғы шекті көтеру ұсынылып отыр", - деді ДСМ басшысы.

Тілшілер министрден "Демек енді бай адамдар МӘМС бойынша көп төлейтін бола ма?" деп сұрады. 

"Көп төлемейді. Олар да 2 пайыз төлейтін болады. Әрине, номиналды алғанда, бұл көп", - деп түсіндірді министр. 

Айтуынша, бұл мәселе Мәжілісте бірнеше рет талқыланды, деді Әлназарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу