Денсаулығын қорғамайтын қағазды сатып алғаннан не пайда – Алексей Цой

795

Жалған ПТР-анықтама мен вакцина паспортын жасаған азаматтардың үстінен 90-нан астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулығын қорғамайтын қағазды сатып алғаннан не пайда – Алексей Цой

"Өкініштісі, кәсібіне адал қарамайтын әріптестер бар. Олар жалған ПТР-анықтама мен вакцина паспортын жасауды бизнеске айналдырып алған. Бүгінге дейін ПТР-тест нәтижесін қолдан жасау мен жалған вакцина паспортын әзірлеуге қатысты 90-нан астам қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімі шыққаннан кейін барлық жалған паспорттар базадан өшіріледі", – деді министр. 

Алексей Цойдың сөзінше, вакцина індеттің таралуын тежеуге мүмкіндік береді және вирус жұққан жағдайда аурудың жеңіл өтуіне ықпал етеді. 

"Адамдар жалған паспорт арқылы өздерін алдап жүр. Денсаулығын қорғамайтын қағазды сатып алғаннан не пайда?" – деді министр.

Бұдан кейін Алексей Цой коронавируспен күрескен медицина саласының қызметкерлеріне қанша үстемеақы төленгенін жариялады. 

"Эпидемияға қарсы күреске жұмылдырылған медицина саласының қызметкеріне тәуекелдің 3 тобы бойынша 116 млрд теңге үстемақы төленді", – деді Алексей Цой. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу