Депутаттар шекара түбінде тұрған ауылдарға алаңдаулы

388

50-ге жуық елдімекенде жол, медицина, ұялы байланыс, су мәселесі өзекті.

Депутаттар шекара түбінде тұрған ауылдарға алаңдаулы Фото: inbusiness.kz

Депутаттар шекара түбінде тұрған ауылдарға алаңдаулы. 50-ге жуық елдімекенде жол, медицина, ұялы байланыс, су мәселесі әлі де өзекті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кейбіреуінде медпункт, фельдшер деген атымен жоқ. Сондай-ақ ол жерлерде шетелдік ұялы операторлардың жұмыс істеп тұрғаны ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етеді. "Сондықтан бұл мәселеге үкімет араласуы тиіс",- дейді депутаттар. Мысал ретінде Қытай, Өзбекстан, Ресей елдерін келтірді. Олар шетелдік ұялы байланыстарын шектейтінін жеткізді.

"Олар интернет дегеніміз идеология екенін біледі. Бізге де шетелдік ұялы байланысты шектейтін қалқан құруымыз керек. Бұл - біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің ең негізгі аспектісі. Мысалы, Қытайға қарайтын болса, Зайсаң, Марқакөл, Мақаншы, Алматы, Нарынқолдардың барлығында Қытайдың ұялы операторлары істеп тұр", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

"Байланыс саласындағы өңірлік әкімшілік басшылары 2019 жылы шекара арқылы радио ақпаратты таратудың максималды қашықтығы 15 шақырымға дейін бекітілді. Әкімдіктердің мәліметінше, ел шекарасының аумағында 770 ауыл орналасқан. Оның ішінде 228 ауылда шетелдік операторлардың байланыс сигналдары бар. Ол рас. Қолжетімді интернет жобасына сәйкес, біз 2024-2027 жылдары осы ауылдарға жай байланыс емес, сапалы интернетті тартуды көздеп отырмыз", - деді ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу