Депутаттар "Стандарттау туралы" заң жобасын мақұлдады

1062

Депутаттар "Стандарттау туралы" заң жобасын  мақұлдады

Қазақстан стандарттау бойынша ұлттық орган құрып жатыр. Стандарттау бойынша ұлттық орган қызметіне стандарттау және стандарттардың ҚР "Стандарттау туралы" заңнамасына сәйкес қабылдануын үйлестіру қызметін атқаратын болады. Заң жобасын ҚР инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР парламенті мәжілісінде таныстырды, деп хабарлайды strategy2050.

Министр атап өткендей, бүгінде жұмыс істеп жатқан Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты ұлттық орган ретінде белгіленетін болады.
"Ұлттық органнның стандарттау бойынша сәйкесінше біліктілігі болады. Осы заң шыққаннан кейін Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты стандарттау бойынша ұлттық орган ретінде белгіленеді деген ойдамыз. Бүгінде институттың өзінің штаты, қаржысы бар, сондықтан шығын болмайды деген ойдамыз", - деп атап өтті ҚР ИДМ басшысы.
Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, бүгінде қоғамдық қарым-қатынастың жеке саласына техникалық реттеу жүйесін стандарттау бойынша кешенді шаралар керек. Техникалық реттеу мен стандарттау  екі түрлі заң актілерімен анықталып, көрсетілуі керек. 
"Германия, Ұлыбритания, Испания, Австрия, Норвегия және Қытай сияқты елдерде "Стандарттау туралы" заңдары қолданыста. Ресей Федерациясы, Еуразиялық экономикалық одағы бойынша Қазақстанның серіктесіп, ұқсас жол бойынша дамып келеді. Онда "Стандарттау туралы" Заң 2015 жылдан бері қолданыста",  - деді ведомство басшысы.
"Стандарттау туралы" заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу