Димаш Құдайберген Қытайдың үздік әртісі атанды

819

Сонымен бірге Димаш Қытай телекөрермендері үшін жаңажылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысты.  

Димаш Құдайберген Қытайдың үздік әртісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың "Internet Bull Ears awards 2019" жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Internet Bull Ears awards-2019. Қытай. Бейжің. Қытай жүлдесі үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі марапатын алу – үлкен ғанибет. Барлық жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларыма және қытайлық командама алғыс айтамын", – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Ресейде "Жылдың ең үздік әншісі" атанған болатын. Ал, Румынияда оның жанкүйерлері әншінің концертін ұйымдастырғысы келетіні айтылды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрек әнін шырқайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу