"Хабар" арнасы Димаш Құдайберген Қытайда қатысып жатқан "Singer-2017" жобасының барлық шығарылымын көрсетуді қолға алды.
Мұны "Хабар" агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев facebook-тегі парақшасында жазды.
"Қазақ елі дарындарын қолдайды! "Хабар" агенттігі Димаш ұлын қолдайды! Ештен кеш жақсы дейді атам қазақ. Қытай тарапымен ұзаққа созылған қиын да күрделі келіссөз артта қалды. Алла қаласа жаңа көктемгі маусымнан бастап "Хабар" арнасы ҚХР-да өтіп жатқан "I am singer" жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымды отандық көрермен назарына ұсынады. Қуан қазақ, қуан көрермен! Алға, Димаш!!!", – деп жазыпты Ринат Кертаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу