Қарағандылық "Сарыарқа" командасының бас бапкері Дмитрий Крамаренкомен келісімшартын үзді, деп хабарлайды prosports.kz.
Сондай-ақ, команданың аға бапкері Дмитрий Кокорев те қызметінен кетті.
Крамаренконың жаттықтыруымен "Сарыарқа" ЖХЛ тұрақты чемпионатында төртінші орын алған. Кейін өз тарихында алғаш рет плэй-оффтың бірінші кезеңінде-ақ ұшып кетті.
Естеріңізге салсақ, Дмитрий Крамаренко "Сарыарқа" тізгінін былтыр қарашада ұстаған болатын
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу