Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жазғы мектебі басталды

521

Бағдарлама аясында студенттер дәріс тыңдап қана қоймай, зияткерлік меншікті бағалау, брендтеу, активтерді басқаруды үйренеді.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жазғы мектебі басталды Фото: Максим Морозов https://inbusiness.kz/ru/news/v-prioritete-obucheniya-voprosy-intellektualnoj-sobstvennosti

Лицензиялау, авторлық құқық, патент және сауда белгілерімен кеңірек танысады. Одан бөлек, зияткерлік меншік бағытындағы басқа да өзекті мәселелерге шолу жасайды. Оқу қанша уақытқа созылады? Дәріс кімдерге арналған?

Алматыда өтетін зияткерлік меншік ұйымының жазғы мектебіне жазылу шілде айында басталған. Қызығушылық танытқандар көп болды,- дейді ұйымдастырушылар. Жазғы мектепте оқу қарқынды жүретіндіктен бар болғаны 2 аптаға жоспарланған. Сабақ офлайн форматта өткізіледі. Бағдарлама аясында қатысушылар зияткерлік меншіктің қыр-сырымен танысып, мол білім мен тәжірибе алады.

"Қазақстанда екінші рет өткізіліп деп жатыр. Негізгі мақсаты ол жас мамандарды және студенттерді зияткерлік меншік құқығына қатысты білімін одан сайын молайту, тереңдету және маман ретінде және де өзінің біліктігін деңгейін шыңдату. Бір айдың ішінде де меңгеру мүмкін емес. Бірақ ол кәдімгі үрдіс қой. Ол шыңдалу үрдісі жалғаса береді. Және де бірінші апта дүниежүзілік зияткерлік меншік құқығы ұйымының эксперттері лекция оқиды", - дейді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Ал екінші аптада қатысушылар өзара ақпарат алмасып, алған білімдерін бөліседі. Жазғы мектепте жоғары білікті мамандар, патенттік сенім білдірілген өкілдер, заңгерлер мен бизнес-сарапшылар дәріс өтеді. Сондықтан, қысқа уақытта білім деңгейін көтеріп алуға мүмкіндік бар.

"Бұл жазғы мектепке қатысушылар арасында шетелдік студенттер көп болады. Өйткені, мұндай дәрістер саусақпен санарлық. Себебі, 2 апта ішінде барлық бағдарламаны қамтиды. Атап айтар болсақ, зияткерлік меншіктен бастап, креативті индустрияға дейін айтылады. Осы салада жүргеніме биыл 30 жылға жуықтады. Байқағаным, жастар зияткерлік меншікті көп жағдайда елеп-ескермейді", - дейді Еуразиялық патенттеу мекемесінің президенті Сәуле Тілеулесова.

Ұйымдастырушылар зияткерлік меншік құқығы кез келген басқа меншік құқығына ұқсас болғандықтан оны қорғау аса маңызды екенін ескертеді. Сондықтан, бұл мәселеге бей-жай қарамауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу