Халықаралық бокс федерациясы Туреано Джонсон мен украиналық Сергей Деревянченко арасында жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді.
Осы жұптың жеңімпазы орта салмақтағы IBF титулына міндетті үміткер болмақ. Естеріңізге сала кетейік, бұл белбеу қазір Қазақстан боксшысы Геннадий Головкинде.
Боксшылар жекпе-жектен бас тартса, ұйымның рейтингісінен шығарылады. Ал боксшылар ұсынысты қабыл алса, келіссөз жүргізуге уақыт беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу