Дзюдодан Әлем чемпионатының тікелей эфирі "QAZSPORT" телеарнасынан жүргізіледі

879

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады.

Дзюдодан Әлем чемпионатының тікелей эфирі "QAZSPORT" телеарнасынан жүргізіледі

"QAZSPORT" телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды kaztrk.kz.

20-27 қыркүйек аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады.

Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан – Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг), Ерлан Серікжанов (-66 кг), Жансай Смағұлов (-73 кг), Бекәділ Шаймерденов (-73 кг), Азиз Қалқаманұлы (-81 кг), Дидар Хамза (-81 кг), Ислам Бозбаев (-90кг), Виктор Демьяненко (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) ал, әйелдер арасынан – Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг), Ақниет Тұрдан (-63 кг), Аэлита Щербакова (-70 кг), Ажар Салықова (-70 кг), Зарина Райфова (-78 кг), Гүлжан Исанова (+78 кг) Камила Берліқаш (+78 кг) қорғайтын болады.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың евро, күміс  жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола жүлдегерге 7 мың доллар сыйақы беріледі.

Аталған бәсекені "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу