ЕАЭО қатарын көбейтуді көздеп отырған жоқ

937

ЕАЭО қатарын көбейтуді көздеп отырған жоқ

Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) ықпалдастық процесі біртіндеп жүруге тиіс, оған мүше мемлекеттердің қатарын көбейтудің қажеттілігі жоқ. Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкин осылай деп санайды. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр.

"Қалай да болмасын, тез арада елдер қатарын көбейтуге тырысып, қандай да бір саяси уағдаластықтарға бармау қажет.  Бәлкім бұл телеарна, баспасөз тұрғысынан қарағанда әдемі естілетін шығар. Міне, жаңа ел қосылды. Тамаша, бірыңғай валюта құрдық деген сыңайлы...  Бірақ жар салып айтып, кейін экономикалық  мәселелер туындап, қандай да бір елде экономикалық дағдарыс туындаған кезде салдары ауыр болады", – деді Дмитрий Панкин.

Оның айтуынша, әзірше бірыңғай валюта, орталық банк және ортақ қаржы нарығын құрудың қажеттілігі жоқ

Дегенмен Дмитрий Панкин қазіргі таңда ЕАЭО-ға енуге нақты жалғыз үміткер Тәжікстан екенін тілге тиек етті. Алайда Еуразиялық экономикалық одақ келіссөздер барысын жеделдетуге асықпайды.

"Олар саралап жатыр. Біраз уақыттан бері қаралуда, бірақ ешкім қандай да бір қадам жасаған жоқ. Тәжікстанға жеңілдіктер беріп, ол қатарымызға қосылсын демейді.  Өйткені қатарымызды көбейту мақсаты жоқ. Маңыздысы – барлық ішкі процестерді түзіп, ішкі нарықтар бойынша келісімге келу қажет", – деп атап өтті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу