Ecoqolday: Бір тонна пластик қалдыққа 67,3 мың теңге төленеді

356

Биылғы 5 ақпаннан бастап Ecoqolday автоматтандырылған жүйесі жұмысын бастады. 

Ecoqolday: Бір тонна пластик қалдыққа 67,3 мың теңге төленеді Фото: Oqu.news

Бұл туралы "Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай Мәжілісте өткен дөңгелек үстел отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, EcoQolday мақсаты – өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне жататын қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қолдау.

"Қалдық жиналған кезде жеке немесе заңды тұлға мобильді қосымша арқылы жүйеге тіркеліп, жиналған қалдықты сататыны туралы өтініш қалдырады. Одан әрі жинаушылар өз бағасын ұсынады және қалдық қалыптастырушыдан сатып алады. Жинаушылар ай бойы жинаған қалдық туралы деректі (қалдықты жинаған орынды көрсетіп) "EcoQolday" жүйесіне енгізеді және отандық қайта өңдеушілерге оны сататыны туралы хабарландыру жариялайды. Ал, қайта өңдеушілер осы жиналған қалдықты сатып алу үшін бағасын ұсынады. Жинаушылар көңілінен шыққан сатып алушымен келісім-шарт жасайды", - деді Ержан Сәрсенбай.

Бірнеше сатыдан тұратын процес ақпараттық жүйеге тіркелген барлық пайдаланушы үшін қолжетімді, деп жалғастырды спикер.

"Үкімет бекіткен төлем мөлшерінде қалдықты жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін төлем жасайды. Қалдықты қалыптастырушылар және қайта өңдеушілермен Оператор "Ecoqolday" жүйесінде қалыпты үлгідегі шартқа қол қояды. Соның негізінде оператор төлем жасайды. Мысалы, 2024 жылы 1 тонна полимер (пластикалық) қаптамаға 67 мың 379 теңге (18,25 АЕК) төленеді. Оның ішінде алым – 33 413 теңге (9,05 АЕК), тасымалдау – 27 358 теңге (7,41 АЕК), қайта өңдеу – 6 609 теңге (1,79 АЕК)", - деді ол.

"Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасы 2024 жылы бұл мақсатқа 7,6 млрд теңге жоспарланғанын баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу