ЕЭК биыл "Восточный" кенішіндегі инвестбағдарламасын 2 есе арттырады

775

ЕЭК биыл "Восточный" кенішіндегі инвестбағдарламасын 2 есе арттырады

Еуроазияттық  энергетикалық корпорациясы (ЕЭК, Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіреді) үстіміздегі жылы "Восточный" көмір кенішін дамыту бойынша инвестициялық бағдарламасын 13,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр, деп хабарлады компанияның президенті Валерий Гриненко.
"2016 жылы 16 млн тонна көмір өндірілді. 2017 жылы 17 млн тонна көмір өндіру жоспарланған.  2016 жылы "Восточный" кеніші бойынша инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру 6,3 млрд теңгені құрады. 2017 жылға оның көлемін екі есеге – 13,7 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген", – деп мәлім етті Валерий Гриненко еліміздің көмір өнеркәсібін дамыту жайы талқыланған үкімет отырысында.
"Еуроазияттық энергетикалық копорация" АҚ – еліміздегі электр энергиясын жеткізуші ірі компания. 1996  жылы негізі қаланған.  ЕЭК "Восточный" көмір кеніші және Ақсу электр станциясы секілді екі құрылымдық бөлімшенің басын қосып отыр. 
ERG –  өндіру, қайта өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында ықпалдасқан кәсіпорындармен табиғи ресурстарды өндіретін әртараптанған ірі компания. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу