Экономиканы тығырықтан шығару үшін әлем елдері 8 трлн доллар шығындады

968

Осы дағдарыс ауқатты және кедей елдер арасындағы теңсіздікті айқын көрсетті. 

Экономиканы тығырықтан шығару үшін әлем елдері 8 трлн доллар шығындады

Экономиканы тығырықтан шығару үшін әлем елдері 8 трлн доллар шығындады. Осынша қаражат жағдайды бұрынғы қалыпқа келтіруге жетпейді. Мемлекет тарапынан берілген көмек көлемінің әртүрлі болуы әлем елдері арасындағы теңсіздікті күшейтуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business Блумбер сараптамасына сүйеніп.

Осы дағдарыс ауқатты және кедей елдер арасындағы теңсіздікті айқын көрсетті. Мәселен, Германия жалпы ішкі өнімінің 30 пайызын шығындаған. Бұл – 1 трлн 84 млрд доллар.  Еуропаның әлжуаз мемлекеттерінде індетпен дәл осылай күресетін жағдай жоқ. Немістер осы аптадан бастап санитарлық шектеулерді азайып, бірқатар ірі дүкендерін ашты. Мақсат – шағын және орта бизнесті тығырықтан шығару. Егер науқастардың саны азайса, бұл ел 4 мамырдан бастап мектептегі жұмысты да жандандырады. Бәрі жақсы болса, карантин күзде алынып тасталуы мүмкін.

Халықаралық валюта қоры әлем елдеріне Германияны үлгі еткенмен, Африка және Латын Америкасындағы 60-қа жуық жағдайы төмен мемлекеттерде экономиканы сауықтыру үшін бөлген қаржы млрд доллардан аспайды. Бұл салыстырмалы түрде алғанда теңізге тамған тамшыдай.

Қытайдың өзі экономикасын ретке келтіру мақсатында жалпы ішкі өнімінің бар болғаны 3 пайызын ғана бөлді. Жапонияда бұл көрсеткіш  – 20. Сингапур, Гонконг пен Австралияда 10 пайыздан сәл асады.

Ұйымның бас экономисі Гита Гопинат дамушы елдердің шамасы вирус зардабымен күресуге жетпейді. Салдарынан әлемдік қаржы балансы бұзылады деп бірнеше рет ескерту жасаған болатын. Бір ғана мысал, Францияның  пандемияға қарсы күрес үшін бөлгені  – 300, Испаниянікі  – 100 млрд. Ал АҚШ-тыкы 2 трлн 300 млрд-тан асады. Қара құрлықтағы қоры жеткілікті деген Оңтүстік Африка Республикасының өзі бар болғаны 26 млрд доллар шығындаған. Онымен көршілес елдердегі жағдай өте нашар екенін ескерсек, көзге көрінбейтін жау атанған пандемия кезінде осынша көмектің қайыры болады деу қиын. Эфиопияның Премьер-министрі Африкаға күллі әлем бірігіп қол ұшын созбаса, осынша қаржыны шығындау – бекер. Себебі құрлықтағы 1 млрд 300 млн адамның сіңірі шыққан кедей екенін айтады.

Осы жолы қаржылық қолдау 3 категория бойынша бөлінді. Біріншісі: медицина саласына аударылды. Сосын – тұтынушыларды қолдау мақсатында тікелей ақша аудару және бизнесті қолдау шаралары. Үшіншісі – кәсіпкерлерді салықтан босату, қарызын кейінге шегеру немесе субсидия беру. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу